Қызметтер үшін төлем тек компанияның шотына төленеді. Сізге ыңғайлы болу үшін біз Kaspi RED / CREDIT /БӨЛІП ТӨЛЕУДІ іске қостық 😎

Басты бет / Кейстер / Қарызы бойынша тұрғын үйден шығару

Қарызы бойынша тұрғын үйден шығару

АMANAT партиясы және Заң және Құқық адвокаттық кеңсесінің серіктестігі аясында елге тегін заң көмегі көрсетілді

Қарызы бойынша тұрғын үйден шығару

Шымкент қаласы, Әл-Фараби аудандық сотына талапкер Н.В.Г. жауапкер И.Г.М. кепілпұлды өндіріп беруді сұранып талап арыз берген, ал қарсы талап арыз бойынша талапкер И.Мусалдинаның жауапкер Н.В.Г. отбасы мүшелерімен басқа тұрғын үй-жай берместен тұрғын үйден шығаруды сұранған.

Шымкент қаласы, Әл-Фараби аудандық сотының 03.06.2015 жылғы шешімімен талапкер Н.В.Гладкованың жауапкер И.Г.М.н кепілпұлды өндіру туралы талап арызы ішінара қанағаттандырылған.

Қарсы талап арыз бойынша талапкер И.М. жауапкер Н.В.Г. отбасы мүшелерімен басқа тұрғын үй-жай берместен тұрғын үйден шығару қанағаттандырусыз қалдырылған. Оңтүстік Қазақстан облыстық сотының азаматтық және әкімшілік істер жөніндегі апелляциялық сот алқасының 01.09.2015 жылғы қаулысымен Шымкент қаласы Әл-Фараби аудандық сотының 03.06.2015 жылғы шешімі өзгертіліп, қарсы талап арыз қанағаттандырылған.

Сотта анықталғандай, И.Г.Мусалдин 26.05.2014 жылы 1 440 000 теңгені алғанын жоққа шығармаған. Шымкент қаласы, Қайнарбұлақ саяжайы, Овражная көшесі №176 үйді сатып алу-сату келісім шартын түзу үшін кепілпұл ретінде берілген. Мәміленің жалпы құны 2 700 000 теңге болып белгіленген. 1 260 000 теңгені 30.11.2014 жылы үйдің құжаттары дайын болғанда алатын болып келісілген. И.Г.М. аталған үйдің құжаттары Шымкент қаласының әкімшілігінің жауап хатын, 27.03.2007 жылғы мүлікті жария ету жөніндегі комиссияның шешімін, Садовод кітапшасын Н.В.Г. берген.

Көрсетілген мерзімде құжаттар дайын болмауына байланысты тараптар арасында сатып алу-сату келісім шарты жасалмаған. АК-нің 337-бабында уағдаласушы тараптардың бiреуiнiң шарт бойынша өзiнен алынатын төлемнiң есебiнен екiншi тарапқа және шарт жасау мен орындауды не өзге міндеттемені орындауды қамтамасыз етуге берiлетiн ақшалай сома кепiлпұл деп танылады. Кепiлпұл туралы келісім кепiлпұлдың сомасына қарамастан жазбаша нысанда жасалуға тиiс.

Бұл ереже негiзгi мiндеттеме нотариалдық жолмен куәландырылуға тиiс болатын жағдайда да қолданылады. Келісімнiң жазбаша нысанда жасалуын сақтамау кепiлпұл келісімiн жарамсыз деп тануға әкелiп соқтырады. Аталған үйдің құжаттарын дайындау бойынша тараптардың қайсысы өз міндетіне алғаны 26.05.2014 жылғы қолхатта көрсетілмеген.

Сонымен қатар, сотқа міндеттеменің кімнің орындайтынын немесе орындалмағанын дәлелдейтін құжаттарды ұсына алмаған.

Осы кодекстің 338-бабында мiндеттеменiң орындалуы басталғанға дейiн тараптардың келісімi бойынша не олардың кiнәсiнсiз-ақ оны орындаудың мүмкiндiгi болмауы салдарынан тоқтатылған жағдайда, кепiлпұл қайтарылуға тиiс. Егер мiндеттеменiң орындалмауына кепiлпұл берген тарап жауапты болса, ол екiншi тарапта қалады, ал егер кепiлпұл алған тарап жауапты болса, ол екiншi тарапқа кепiлпұлдың екi еселенген сомасын төлеуге мiндеттi.

Оның үстiне, шартта өзгеше көзделмегендiктен, мiндеттеменiң орындалмауына жауапты тарап екiншi тарапқа кепiлпұл сомасын ескере отырып, шеккен залалдың орнын толтыруға мiндеттi. 27.03.2007 жылғы №36606 санды мүлікті жария ету жөніндегі шешім негізінде және «Энергетик» ӨК-не қарасты саяжайдың иесі И.Г.М. екені, саяжайдың мүшелік жарнасын төлейтіні анықталған.

АК-нің 265 бабында меншiк иесi болмағанымен, шаруашылық жүргiзу, оралымды басқару, тұрақты жер пайдалану құқығымен не заң құжаттарында немесе шартта көзделген өзге де негiзбен мүлiктi иеленушiнiң де осы Кодекстiң 259-264-баптарында көзделген құқықтары болады. Бұл адамның өз иелiгiн меншiк иесiнен де қорғауға құқығы бар.

 

Назар аударыңыз!

«Заң және Құқық» адвокаттық кеңсесі, бұл құжаттың жалпылама екендігіне және нақты сіздің жағдайыңыздың талаптарына сәйкес келмеуі мүмкендігіне көңіл бөлуіңізді сұрайды.

Біздің заңгерлер сіздің нақты жағдайыңызға сәйкес келетін кез келген құқықтық құжатты әзірлеп көмектесуге дайын.

Қосымша ақпарат алу үшін Заңгер/Адвокат телефонына хабарласуыңызға болады: +7 (708) 971-78-58; +7 (700) 978 5755, +7 (700) 978 5085.

 

 

Құжатты жүктеп алу

32-бап. Кооператив мүшесiнiң борыштары бойынша өндiрiп алу және кооператив мүшесiнiң құқықтық мирасқорларының мұрагерлік және кооператив мүшесiболып табылатын заңды тұлғаны қайта ұйымдастыру кезiндегi құқықтары Ауыл шаруашылығы кооперативтері туралы Заңы

32-бап. Кооператив мүшесiнiң борыштары бойынша өндiрiп алу және кооператив мүшесiнiң құқықтық мирасқорларының мұрагерлік және кооператив мүшесiболып табылатын заңды тұлғаны қа...

Толық оқу »

70-бап. Қатысушылардың толық серiктестiктiң борыштары бойынша жауапкершiлiгi Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексi

70-бап. Қатысушылардың толық серiктестiктiң борыштары бойынша жауапкершiлiгi Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексi 1. Егер толық серiктестiк таратылған жағдайда оның бар...

Толық оқу »

207-бап. Қазыналық кәсiпорынның және мекеменің борыштары бойынша құрылтайшының жауаптылығы

207-бап. Қазыналық кәсiпорынның және мекеменің борыштары бойынша құрылтайшының жауаптылығы 1. Қазыналық кәсiпорын өзiнiң мiндеттемелерi бойынша өз билiгiндегi ақшамен жауап бе...

Толық оқу »

35-бап. Қатысушылардың сенiм серiктестiгiнiң борыштары бойынша жауапкершiлiгi Шаруашылық серіктестіктері туралы Заңы

35-бап. Қатысушылардың сенiм серiктестiгiнiң борыштары бойынша жауапкершiлiгi Шаруашылық серіктестіктері туралы Заңы      1. Толық серiктестерге сенiм серiктестiгiнiң мiндетте...

Толық оқу »

70-бапқа түсініктеме. Қазақстан Республикасы Азаматтық кодексінің толық серіктестігінің борыштары бойынша қатысушылардың жауапкершілігі

70-бапқа түсініктеме. Қазақстан Республикасы Азаматтық кодексінің толық серіктестігінің борыштары бойынша қатысушылардың жауапкершілігі Толық серіктестікке қатысушылар серікте...

Толық оқу »

207-бапқа түсініктеме. Қазақстан Республикасы Азаматтық кодексінің қазыналық кәсіпорны мен мекемесінің борыштары бойынша меншік иесінің жауапкершілігі

207-бапқа түсініктеме. Қазақстан Республикасы Азаматтық кодексінің қазыналық кәсіпорны мен мекемесінің борыштары бойынша меншік иесінің жауапкершілігі Түсініктеме берілген бап...

Толық оқу »

24-бап. Қатысушылардың толық серiктестiктiң борыштары бойынша жауапкершiлiгi Шаруашылық серіктестіктері туралы Заңы

24-бап. Қатысушылардың толық серiктестiктiң борыштары бойынша жауапкершiлiгi Шаруашылық серіктестіктері туралы Заңы      1. Егер толық серiктестiк таратылған жағдайда оның бар...

Толық оқу »

40-бап. Дара кәсіпкерлердің борыштары бойынша олардың мүлкіне өндіріп алуды қолдану Қазақстан Республикасының Кәсіпкерлік Кодексі

40-бап. Дара кәсіпкерлердің борыштары бойынша олардың мүлкіне өндіріп алуды қолдану Қазақстан Республикасының Кәсіпкерлік Кодексі      1. Дара кәсiпкерлер өз мiндеттемелерi бо...

Толық оқу »

79-бап. Салынған объектілерді пайдалануға тапсыруға және қабылдауға қатысушылардың жауаптылығы Қазақстан Республикасындағы сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі туралы Заңы

79-бап. Салынған объектілерді пайдалануға тапсыруға және қабылдауға қатысушылардың жауаптылығы Қазақстан Республикасындағы сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі туралы За...

Толық оқу »

80-бап. Санацияға қатысушылардың жауаптылығы Оңалту және банкроттық туралы Заңы

80-бап. Санацияға қатысушылардың жауаптылығыОңалту және банкроттық туралы Заңы      1. Осы Заңның 78-бабының 2-тармағында көзделген мiндеттеменi өзіне қабылдаған санацияға қат...

Толық оқу »

654-бапқа түсініктеме. Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы Кодексінің Әкімшілік құқық бұзушылық туралы іс бойынша іс жүргізуге қатысушылардың жауаптылығы

654-бапқа түсініктеме. Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы Кодексінің Әкімшілік құқық бұзушылық туралы іс бойынша іс жүргізуге қатысушылардың жауаптылығ...

Толық оқу »

390-бап. Өндірушілердің (импорттаушылардың) кеңейтілген міндеттемелеріне қатысушылардың жауапкершілігі Қазақстан Республикасының Экология кодексі

390-бап. Өндірушілердің (импорттаушылардың) кеңейтілген міндеттемелеріне қатысушылардың жауапкершілігі Қазақстан Республикасының Экология кодексі 1. Өндірушілердің (импорттауш...

Толық оқу »

654-бап. Әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iс бойынша iс жүргізуге қатысушылардың жауаптылығы Әкімшілік құқық бұзушылық туралы Қазақстан Республикасының Кодексі

654-бап. Әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iс бойынша iс жүргізуге қатысушылардың жауаптылығы Әкімшілік құқық бұзушылық туралы Қазақстан Республикасының Кодексі      Iс жүргізу...

Толық оқу »

41-бап. Қазақстан Республикасының бюджет заңнамасын бұзғаны үшін бюджет процесіне қатысушылардың жауаптылығы Қазақстан Республикасының Бюджет кодексі

41-бап. Қазақстан Республикасының бюджет заңнамасын бұзғаны үшін бюджет процесіне қатысушылардың жауаптылығы Қазақстан Республикасының Бюджет кодексі 1. Бюджеттік бағдарлама ә...

Толық оқу »

Толық серіктестіктің борыштары бойынша қатысушылардың жауапкершілігі

Толық серіктестіктің борыштары бойынша қатысушылардың жауапкершілігі📘 ҚР Азаматтық кодексінің 70-бабы: Толық серіктестік қатысушыларының борыштары бойынша жауапкершілігі🔷 Жа...

Толық оқу »